"Қазақстан халқы Ассамблеясы – әлем елдері назарға алуы тиіс айрықша тәжірибе"

Қазақстан халқы Ассамблеясы – әлем елдері назарға алуы тиіс айрықша тәжірибе. Бұл туралы Ассамблеяның ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысына қатысқан шетелдік ғалымдар айтты. Жиынға 20 жылдан бері Орталық Азия елдерінің демократиялану үрдісі мен ұлттық саясатын зерттеумен айналысатын доктор Беате Эшмент те қатысты. Ол Қазақстандағы бірегейліктің қалыптасуы мен саны аз этностардың мүдделерінің ұсынылуын қарастырған. Беате Эшмент саяси шешімдер қабылдауға қатыспайтындықтан, батыстағылар Ассамлея сынды ұйымды құруға асық емес деп отыр. Алайда өз зерттеуінің нәтижесінде ол ұйымның атқарған жұмысы мен қабылдаған шешімдерінің қоғам үшін қаншалықты маңызды екендігіне көз жеткізген.

БЕАТЕ ЭШМЕНТ, ШЫҒЫСЕУРОПАЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ, ГЕРМАНИЯ:

 - Менің ойымша, бұл мәселеде Қазақстанда қолданылатын әдіс Орталық Азия елдері арасындағы ең тиімді шешім деп ойлаймын. Қазақстандағы жағдай ерекше. Сіздерде көптеген ұлт өкілдері бірлікте өмір сүреді.

АЙГҮЛ СӘДУАҚАСОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Халықтың, елдің дәстүріне, ішіндегі құндылықтарға қандай көзқарас деп сұрақ қойған кезде, көбінесе халықтың бірлігі, татулығы, қонақжайлылығы айтылады. Сондықтан да біздің пайымдауымызша, Қазақстанның ішінде біріншіден интеграциялық басын қосатын бәріне ортақ бір құндылықтар.