Назарбаев университетінде Жас ғалымдар қауымдастығы ашылды

Жас ғалымдардың бір-бірімен тәжірибе алмасып, ортақ зерттеулер жасауларына арналған жаңа алаң құрылды. Назарбаев университетінде Жас ғалымдар қауымдастығы ашылды. Ол арқылы ғалымдарға сапалы зерттеулер жүргізуге арналған ресурстар қолжетімді бола түседі деп жоспарлануда. Басты мақсаттардың бірі – жастар арасында ғылымға деген қызығушылықты арттыру. Қауымдастық құрамына философия магистранттары, гуманитарлық, әлеуметтік, техникалық және инженерлік ғылымдардың магистранттары енеді. Қазірдің өзінде жаңа ұйымның 100-ге жуық мүшесі бар. Назарбаев университетінің әлеуметтік даму қоры қолдау ретінде қауымдастыққа 5 млн теңге қаражат сыйға тартты.

САЯТ НҮСІПОВ, НУ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Келешекте де жас ғалымдарымызға, ұйымдастыруға, қоғамға байланысты жақсы жобалар болса, идеялар болса, біз қолдауға дайынбыз. Бұл Назарбаев университеттің қауымы деп қана есептеуге болмайды. Өйткені ол барлық Қазақстан, дүниежүзілік ұйымға айналуы керек.

ӘСИЯ ЕРМҰХАМБЕТОВА, ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

 - Оқуды тамамдаған соң, жас ғалымдар бірқатар қиыншылықтарға тап болады. Зерттеу жүргізуге қаражат табу оңай емес, өзге зерттеушілермен де байланыс орнату қиын. Ал мұндай ұйым өзге елдер мен өзге университеттерде дәл осындай зерттеумен айналысатын ғалымдармен байланыс орнатуға арналған. Мұндай халықаралық ұйымдар бар.