Smart Zholy жобасында жеңімпаз атанған стартапшылар Сингапурға аттанады

Оңтүстік шығыс Азияның жетекші старт-ап алаңына айналған Сингапурде бес қазақстандық бизнес жоба таныстырылатын болады. Назарбаев орталығында Smart Zholy жобасының қорытындысы жарияланды. Оның аясында 100-ге тарта өнертапқыш қанатқақты бастамаларын ұсынды. Қазылар алқасының қатарында сингапурлық инвесторлар да үздік ұсыныстарыды іріктеуге атсалысты. Жүзден жүйрік атанған озық жобалар алдағы маусым айында Echelon Asia Summit байқауында қорғалады.

ТЕДИУС КО, «SMARTZHOLY» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МЕНТОРЫ:

-  Соңғы 8 аптаның ішінде біз Азияны аралап жүріп 15 қалада 250-ден астам жобамен таныстық. Қазақстанда көргендеріміз өзгелерден ерекше. Артық деп айтпасам, кем түспейді. Сингапурде өтетін самитте іріктеп алған бұл бастамалар үлкен бәсекелестік тудыратынына күмәнім жоқ.

Жеңімпаз қанатқақты бастамалардың бірі – жол ережесінің айыппұлын төлеуге арналған желілік қосымша. Ол арқылы жол қозғалысының тәртібін бұзғандар айыбын дереу өтей алады.

ӘЛІБЕК НАРЫМБАЕВ,  ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫ:

 - Төлем 2-ақ минуттың ішінде жасалады. Айыппұл жалпы базадан өшіріліп, e-gov желісі арқылы күбіртек беріледі. Бұл – барлық жеке тұлғаларға қолжетімді қосымша. Осы арқылы уақыт үнемдеумен қатар лезде айып төлеу арқылы ақша да үнемделеді.

Қазақстандықтар  аталмыш жобаға қатысу  арқылы өздерінің инновациялық төл өнертабыстарын  халықаралық деңгейде таныту мүмкіндігіне ие болады. Дәстүрлі саммит жыл сайын 2 мыңға тарта кәсіпкерлер, инвесторлар және аймақтық көшбасшыларды жияды.