«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы - мәдени және ғылыми дамудағы үлкен жетістік

Жүз түрлі пікір мен ой жүз оқулықта таңбаланған. Білім көзіне терең бойлаған жас пайым мен парасаты келісіп, әлемдегі рухтың тазалығын жан азығынан сіңіреді. Өзбекстандық жазушы Қалдыбек Сейданов Қазақстанда әлемдік деңгейдегі оқулықтарды аудартып, оны білім бағдарламасына енгізуге қатысты осындай пікір айтады. 100 кітап жобасының берері көп. Ол жастарға дүниежүзіне таңдаулы деген оқулықтардың негізінде білім алуға мүмкіндік жасайды. Алайда академик халық шығыс шығармаларынан да қол үзбеуі керек деп есептейді.

ҚАЛДЫБЕК СЕЙДАНОВ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ «ТҰРАН» АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ: 

-  100 оқулықта 100 түрлі ой пікірлер, терең пайым-парасат бар. Міне, соны қазақстандық студенттерге, Қазақстан жастарына алып келіп оқытуды алға қоюы – үлкен оқиға, елеулі құбылыс деп қарауымыз керек. Өйткені әлемдік деңгейде ойлау үшін, әлемдік деңгейдегі оқу-ағарту жұмыстарына мән беріп, солардан рухани нәр алсақ, кез келген оқырман күні ертең талғамы мол, тарасызы әділ болады. Шын мәніндегі пайым-парасаты мықты азамат болып қалыптасуына жаңа жолдар ашады.