«Рухани жаңғыру»: Шымкентте «Оңтүстік қолөнершісі» пилоттық жобасы өз жұмысын бастады - Kazakh TV

Халық өнері – асыл қазына. Осынау бай мұрасын жоғалтпай, кейінгі ұрпаққа табыстаған халықтың болашағы жарқын, дейді «Оңтүстік қолөнершісі» жобасының бастамашылары. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған пилоттық жоба ата дәстүрді дәріптеп, насихаттауға бағытталған. Мұнымен шектелмей, ұлттық колөнерді меңгерем деушілерге үйрету жағы да ойластырылған. Арнайы құрылған орталықта бір уақытта 300-ге жуық қолөнерші үш айлық курстан өте алады. Курсты үздік бітірген 20 түлекке облыс әкімінің гранты қарастырылған. Шымкентте осы жоба шеңберінде Бейсбековтер отбасы ашқан «Қолөнер шеберлері орталығы» да жақында өз жұмысын бастады. 

БОЛАТБЕК БЕЙСБЕКОВ, ҚАЗАҚСТАН ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ ОДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Осындай жобаның біздің Қазақстанда болғаны, ол дүмпу дейді ғой, біздің елдегі қолөнердің өсуіне үлкен ықпалы болар еді. Жанұямызда жеті суретшіміз. Сол жетеуміз осы уақытқа дейін шәкірт оқытып келе жатырмыз. Мысалы осы жерде тұрған заттардың барлығына оқытып, ары қарай оларға тапсырыс береміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер