«Жыл сайын әлемде халықаралық терминдердің 60 пайызы латын қарпінде енгізіледі. Ал кириллицадағы жаңа терминдер одан он есе аз. Осыдан-ақ латын тіліне көшудің артықшылығын аңғаруға болады», дейді сарапшылар. ІТ-мамандар да компьютерлік бағдарлауда латын әліпбиіне ауысу тиімді дейді. Ең алдымен жылдамдық пен сапа артады. Ақпарат алу да жеңілдейді. Ал филологтар жағы болса жаңа жазуға көшкеннен кейін қазақ тілінің морфологиясы мен орфографиясын, дыбысталуын нақтылау қажеттігін айтады. Қазір бұл мәселе бойынша мемлекеттік комиссия құрылып, ғалымдар кешенді бағдарламаны әзірлеуге кірісті.

ДӘМІР ШЫНЫБЕКОВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ:

 - Түрлі мессенджерлерде ақпарат алмасқанда, тіпті СМС жазғанның өзінде екі есе аз символ қажет болады. Айта берсек, латын әліпбиін қолданудың артықшылықтары өте көп. Компьютерлік бағдарламалаудың өзінде тиімділігі қаншама болмақ. Мысалы, кириллицаның әр әрпіне екі есе байт қажет. Содан кейін, мысалға, күнделікті қолданып жүрген смартфондарды, басқа да гаджеттердің мүмкіндіктерін барынша пайдалана алатын боламыз.. Сол себепті латын әліпбиі бізді көптеген салаларда прогреске жетелейді десек қателеспейміз.

«Латын қарпіне сатылап көшуде атқарылар істерді саралап, жан-жақты қарастырудың жауапкершілігі үлкен. Бұл ретте алдыңғы буынның тәжірибесіне сүйенуге болады»,-дейді Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының мамандары. Мекеме қорында 1929 жылы жаңа қазақ әліпбиіне көшу туралы Ораз Жандосовтың жазған есебі сақталған. Мұнда араб графикасынан латын әліпбиіне көшудің алғышарттары мен ұйымдастырушылық істері кеңінен көрсетіліпті. 90 жылдық тарихы бар құжат қазір де құнын жоймаған.

БОРИС ЖАПАРОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ МҰРАҒАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Тілді айналымға енгізу үшін керек барлық ұйымдастырушылық құқықтық мәселелер шешілетін болады. Оның ішінде материалдық техникалық мәселелер, баспаханалардың жаңағы латын графикасында басылымдарды дайындауына мүмкіндік берілетін уақыт бар, мерзімдер белгіленеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер