Латын қарпіне сәтті көшу үшін көрші елдердің озық тәжірибесін қолданған жөн. Оңтүстіккореялық Хангук университетінің профессоры Ким Санг Чоль ой-пікірі осыған саяды. Ол Орталық Азияны зерттеу кафедрасында оқытушы болып жұмыс істейді және бірнеше жыл Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде еңбек еткен. Оның айтуынша, латын алфавитіне көшерде Қазақстан көрші мемлекеттердің, оның ішінде Өзбекстанның қателігін ескеруі керек. Бұл теріс тәжірибе кириллицаны қолданып үйреніп қалған аға буынды қайта оқытуға тікелей байланысты болды. Дегенмен, Астана мен Ташкент әліпбиін өзгертуді даму кезеңінің әртүрлі сатысында жүзеге асырып жатыр, дейді профессор. Ақпараттандыру мен интернет заманында латын қарпін белсенді қолдану қоғамның тез қабылдауына сеп болмақ.

КИМ САНГ ЧОЛЬ, ХАНГУК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

 - Қазақстанның Тәуелсіздігіне – 25 жыл. Бұндай ширек ғасырда мәдениеті де, тілі де тәуелсіз болды. Латын қарпіне көшу әлемдік қоғамдастықта жоғары орынға жайғасуды білдіреді. Әліпби өзгергенімен, саясаттың бағыты өзгермейді. Егер Еуроодақ мемлекеттеріне қарайтын болсақ, өзара ынтымақтастық орнатқанымен, өздерінің мемлекеттік тілдерін сақтап қалған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер