Латын әліпбиіне көшудің келешегі кемел. Елбасының «Хабар» Агенттігіне берген сұхбатында көтерген басты мәселеге қатысты ғалым, жазушы, филологтар өз ойларын білдірді. Бәрі де бірауыздан бұл бастаманың қазақ тілі үшін берері мол деген тоқтамдарын айтады. Ана тілінің заңдылығын дұрыс қолдану латын әліпбиіне көшумен қайта қалпына келмек. Ел алдында жүрген белді жазушылар да бұл реформа заман талабына сай дер уақытында қолға алынды деген пікірде.

СМАҒҰЛ ЕЛУБАЙ, ЖАЗУШЫ:

- Бұл жерде біраз нәрсенің басы қамтылған ғой. Енді соны түсіну, түсіндіру деген мәселе тұрған болатын дәл қазіргі таңда. Осы ретте ең алдымен сол мақала авторының өзінің берген сұқбаты көрермен үшін, қарапайым халық үшін әрі зиялы қауым үшін де аса маңызды дер едік.

БЕКСҰЛТАН НҰРЖЕКЕЕВ, ЖАЗУШЫ:

- Бұл шын мәнінде тек қана әріп өзгерту емес. Жаңа сұқбатында президент айтты ғой бізге қажетсіз әріптер бар деп. Соның ішіндегі ең қажетсізі «и». Ұзын «и». Қазақ тілінде бұрын ұзын «и» болмаған. Шолақ «й» ғана бар. Ал бізге ұзын «и»-ді мына кириллицаны бергеннен кейін кіргізді. Сол кіргізу арқылы біздің сөздердің, үндестік заңы быт-шыты шықты. Тұра осы қателімігімізді түзеуге арналған мақала, соны түзеуге берілген сұқбат.

Жаһанданған заманда ғылым желден жылдам. Ал, уақыт көшінен қалмау қай елдің болсын алдында тұрған басты міндеті. Осы тұрғыда латын әліпбиін енгізу тәуелсіз Қазақстанның бағындырған кезекті шыңы болмақ.

КАМАЛ БҰРХАНОВ, САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

- 29-40-ншы жылдары совет үкіметі кезінде латын әліпбиіне көштік. Сол кезде біздің оқулықтарымыз да, ғылыми жұмыстарымыз да, романдар да латын тілінде жазылды. Кезінде үйреніп кеткенбіз бұл аса бір қиын шаруа емес. Ол болған нәрсе тарихта. Сосын кирилл әрпіне өттік. Кирилл әрпі қазір қай жерде қолданылады? Ресей, Қазақстан қазір Беларуссияда шығар. Ал, латын әрпімен бүкіл әлем, әлем. Сондықтан болашақ туралы күмән тумауы керек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер