Нұрсұлтан Назарбаевтың «Хабар» агенттігіне берген сұхбаты туралы зиялы қауым өкілдері пікір білдіріп жатыр. Әсіресе, рухани жаңғыруға қатысты айтқан ой-пайымдарына назар аударады. Оның ішінде, латын әліпбиіне көшуді қазақ тілінің келешегі үшін қажет, дейді зиялылар.

ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ, «ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» РГ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

- Әсіресе, маған қызық болғаны латын әліпбиіне қатысты елбасының пікірі болатын. Шын мәнінде бұл әліпбидің қазақ тілінің болашағы үшін жасалғанын айтып берді. Бұл кирилицаның қалып қоятын деген мағына емес. Себебі, кезінде әліппилер ауысқан кезде қосамжарланып басқа әліппилер де қатар жүре берген. Бұлардың барлығы біздің байлығымыз.

БОЛАТБЕК ӘБДІРАСЫЛОВ ҚР БҒМ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Елбасы өз сұхбатында латын әліпбиіне көшудің келешегін нақтылап берді. Әрине бұл, Қазақ тілінің болашағы үшін қажет. Көпшілік осы сұхбат арқылы көкейінде жүрген сауалға жауап тапты деп ойлаймын. Себебі, Елбасымыз латын әліпбиіне тек қазақ тілі ғана көшеді деп басып айтты. Ал, орыс тілінің кирилицада қалатындығын жеткізді. Ол үшін қазіргі технологияның да мүмкіндігі жеткілікті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Хабар» агенттігіне берген сұхбатын көрген қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов Елбасының келтірген дәйектерін толығымен қолдайтынын жеткізді. Оның ойынша, қазір елде шет тілдерін меңгерген жастар саны көп болғандықтан, латын әліпбиін меңгеру қиындық туғызбайды. «Керісінше, бұл өзгеріс қазақ тілінің келешегі үшін қажет», - дейді зиялы.

ӘДІЛ АХМЕТОВ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

- Кеше Президент нүкте қойды. Ешқандай саясат жоқ, ол қазақ тілінің жеке өз басына ғана қатысты. Оған аргументтерін айтты. Ешқандай қиындық туғызбайды. Әріп-таңбалардың санын өзгертпей, сол күйінде қалдыру керек. Ресурстарын пайдалану керек. Бұл экономикалық тұрғыдан үнемді болады. Аударған кезде де үнемді болады. Сондықтан біз осы идеяны қолдауымыз керек. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер