Елбасы Жолдауына сарапшылар пікірі - Kazakh TV

Елбасы жолдауы – Қазақстанның  ұзақ жылдарға жасалған даму стратегиясының бір тармағы. Басты құжатта айтылған он бастама елдің экономика, білім беру, гуманитарлық және әлеуметтік салалардағы прогреске жетуінің маңызды кезеңдерін айқындайды. Латвиялық танымал публицист Владимир Решетов «Төртінші Индустриалды Революцияның» жаһандық мәселелері қазақ елін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады дейді.

ВЛАДИМИР РЕШЕТОВ, ПУБЛИЦИСТ:

 - Президент Жолдауындағы маңызды бөлім - көптеген салаларда цифландыруды жүргізу. Нәтижесінде агроөнеркәсіптік кешендерде, логистика және көлік саласында серпіліс жасауға сеп болады. Мен транзитті мемлекетте тұрушы азамат ретінде, Қазақстанның  бұл саладағы көрсеткіші 1 жылда 17 пайызға артқаны таңқалдырды. Тамаша жетістік.  

Неміс Бундестагының мүшесі Андреас Ян да Қазақстан басшысының Жолдауымен танысып шыққан. Ол Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің қарқынды дамуы үшін цифрлық экономика, ақылды технологиялар, жаңартылған энергия мен адами капиталға басымдық бергенін құптайды. Құжатты оқып шыққан Андреас Ян маңызды бағдарлама «Тәуелсіз елді оңды істерге жеткізеді», дейді.

АНДРЕАС ЯН, БУНДЕСТАГ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНІҢ ПАРЛАМЕНТТІК ХАТШЫСЫ:

-  Қазақстан дигитализация мен экономикалық модернизацияға ерекше басымдық беріп отыр. Және 2025 жылға дейін ел латын әліпбиіне көшеді. Бұл өте көреген бастама. Сондай-ақ Елбасы тілді меңгерудің маңыздылығын да атап өтті. Осылайша, білім белу саласының сапасы артпақ. Әсіресе, инженерлік және аграрлық саладағы ғылымды дамыту керек. Бұл бағытта тәжірибеміз болғандықтан, сіздерге бірлесіп жұмыс істеуді ұсына аламыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер