Елбасы Жолдауына сарапшылар пікірі

Қазақстан Президентінің Жолдауы – мемлекет дамуының нақты бағдарламасы, тұрақтылық пен өркендеу кепілі, дейді халықаралық сарапшылар. Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына жолдауы британдық сарапшылардың қызығушылығын тудырды. Стратегиялар бойынша кеңесші Афзал Амин төртінші өнеркәсіптік революция туралы тезисті ерекше атап өтті. Сарапшының пайымдауынша, қазақстандықтар біртұтас ұлт болу арқылы көшбасшы мемлекеттер қатарынан көріне алады.

АФЗАЛ АМИН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШИЕЛЕНІСТЕР ЖӘНЕ ҮКІМЕТТЕР ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ БОЙЫНША КЕҢЕСШІ:

 - Біріншіден, бұл Жолдау президенттің Қазақстан туралы ойлай отырып, оны дамыған елдермен терезесі тең мемлекет ретінде көргісі келетіндігін көрсетеді. Және бұл әрине ел мен оның азаматтарына пайда әкелетіндігі күмәнсіз. Екіншіден, экономика игілігі үшін әлемнің озық тәжірибелері мен технологияларын іске асырғаннан кейін мемлекет дамудың келесі деңгейіне көтеріледі. Үшіншіден, 2050 жылға дейінгі даму жоспары және көлденең оқиғаларға алдын ала дайын болу арқылы Қазақстан табысқа жетпек.

Қазақстан жақын келешекте тек аймақтық емес, халықаралық аренада маңызды ойыншыға айналуы әбден мүмкін, деп болжайды грузиялық саясаттануышлар. Олардың пікірінше, Жолдау – стратегиялық маңызды құжат. 

БАДРИ НАЧКЕБИЯ, САЯСАТТАНУШЫ:

-  Қазақстан бздің аймақта алдыңғы қатардағы мемелекет. Және өте мықты ел. Басты мақсаты – дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру. Бұл жүзеге асатын өр мақсат. Себебі сіздердің көшбасшыларыңыз беделді әрі көреген саясаткер Нұрсұлтан Назарбаев. Менің ойымша, жақын арада осы Жолдаудағы тапсырмалар орындалып, Қазақстан халықаралық аренада маңызды ойыншыға айналары сөзсіз.