Сандық технология – табысты болашақтың кілті

Сандық технология – табысты болашақтың кілті. Жаңа технологияға бай мемлекет дүниежүзі бойынша көш бастап тұрады. Қазақстан осы санаттағы 30 озық елдің қатарына қосылуына мүмкіндік алды. Бұл бастаманы ұзақ жылдар бойы Еуропада жұмыс істеп, ақылды қала жобасын дамытуда француз компаниясында табысты қызмет атқарған маман Айжамал Сартбаева да қолдайды. Ол инновациялық технологияларды қолданысқа енгізуде көп жетістікке жеткен. Оған Астана қаласының дамуына арналған 3D моделін құру бойынша ірі жобаға қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені дәлел. Маман сандық технологияны күнделікті қолданысқа енгізу, өмір сүру сапасын жақсартады, дейді. Сондай-ақ, ол өз сөзінде Елбасының жолдауында да осы пікірге басымдық берілгенін атап өтті.    

АЙЖАМАЛ САРТБАЕВА, SMART СITY ТҰРАҚТЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ФРАНЦУЗ КОМПАНИЯСЫНЫҢ МАМАНЫ:

- «Ақылды қала» технологиясын қолдана отырып, Қазақстан жетекші елдердің қатарына қосылып, орнықты дамып келе жатқанына өте қуаныштымын. «Индустрия 4.0» - сандық және операциялық технологияларды біріктіретін, жоғары тиімділікке, операциялық жетістіктерге жетуге және құндылықтардың экожүйесіне қол жеткізуге бағытталған бағдарлама. Елбасы өзінің жолдауында адами капиталға басымдық береді. Технологияның тұрақты түрде қарқынмен дамуы тұтынушылардың да талғамын арттырады және адамзатқа қауіп төндірмейді.