Қазақстан Президентінің Жолдауындағы он міндет – 2050 жылы елдің дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуі үшін нақты айқындалған стратегиясы. Елбасы белгілеген он басымдық жаһандық сындарға жауап бере отырып, әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттырып, әлеуетін жақсартады. Ал мәлімдемеде көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру қазақ елінің қолынан келеді. Бұл пікірді Балтық-Қазақстан экономикалық даму қауымдастығының басшысы Александр Видякин білдірді.

АЛЕКСАНДР ВИДЯКИН, БАЛТЫҚ-ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Бұл он тармақты мен дамудың нақты он нүктесі деп айтар едім. Егер ел осы нүктелермен жүрсе өз бағытын білері сөзсіз. Президент бұл тапсырманы жай ғана бір бағытпен немесе басқа мемлекеттерден озу үшін ұсынған жоқ. Мақсат - 30 дамыған мемлекеттердің қатарына кіру. Және осы бағдарлама мен қадамдар Қазақстанды әлемдегі экономикасы дамыған үлкен 30 елдің қатарына жетелейді.

Александр Видякиннің пікірімен публицист Марис Кратманис да келіседі. Оның айтуынша, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында анықталған он басымдық Қазақстанның тұрақты дамуына бағытталған. Осы жоспардың арқасында республика тек өңірдегі көшбасшылық ұстанымдарды сақтап қана қоймай, сонымен қатар әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына қосылады.

МАРИС КРАУТМАНИС, ПУБЛИЦИСТ:

 - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауы Қазақстанның Орталық Азия аймағында экономика, мәдениет басқа да салалар бойынша көшбасшы екенін тағы бір рет дәлелдеп отыр. Мемлекеттің жақсы құқықтық және тиімді салықтық жүйесі инвестицияға да қолайлы. Президент жолдауы ел экономикасының жоғары деңгейде жоспарланып отырғанын көрсетеді. Өйткені, нарықтық экономика алдымен жоспарланып, қандай бағытта дамитындығы анықталуы қажет. Сондай-ақ Жолдауда айтылған басты бағыттардың бірі - қазіргі жаһандану дәуірінде жаңа технологиялар мен инновацияны пайдалануға баса мән берілуі екенін атап өткім келеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер