Елбасының Жолдауы өзбек тіліне аударылды

Қазақстан Президентінің Жолдауы – өзбек тілінде. Елдің болашағы негізделген мәлімдемемен Өзбекстан ғылым академиясы алғашқылардың бірі болып танысты. Көрші мемлекеттің ғалымдары Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауындағы адами капиталды дамыту мен білім беру жүйесін жетілдіруге қатысты бағыттарына ерекше тоқталды. Қазақ тілі терминологиясын халықаралық деңгейге жақындату мәселесінде өзбек сарапшылары мемлекет басшысының латын әліпбиіне ауысу жөніндегі бастамасын қолдайды. Олардың пікірінше, бұл үрдіс бауырлас елдерді жақындата түседі.    

БАХРОМ АБДУХАЛИМОВ,ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Бұл әліпби Қазақстан ғана емес, Өзбекстан үшін де өте маңызды. Өйткені біздің тарихымызды латын әліпбиінсіз елестету мүмкін емес. Көптеген кітаптар, мұрағаттағы құжаттар мен материалдар дәл осы латын графикасымен жазылған. Сондықтан қос мемлекеттің тәжірибесі бір-бірін толықтырары сөзсіз. Осы салада еңбек етіп жатқан ғалымдардың өзара тығыз байланысы екі ел үшін де маңызды болады деп ойламын.