Елбасы Жолдауына сарапшылар пікірі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауында экономикалық дамудың жаңа моделін ұсынды. Көшбасшы инфрақұрылымды дамытып, транзиттік әлеуетті арттыруды жалғастыру керектігіне назар аударды. Қытайдың халықаралық қатынастар академиясының сарапшысы Сюй Таоның айтуынша, бүгінде Қазақстан Шығыс пен Батысты байланыстыратын негізгі логистикалық хабқа айналды. Оған 2017 жылы біздің республика арқылы өтетін тауарлардың көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 17% -ға артқаны дәлел.

СЮЙ ТАО, ҚЫТАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

 - Жыл басында Қазақстан Президенті жариялаған Жолдаудың мазмұны өте бай. Әсіресе мемлекет басшысының қоғамның дамуы және xалық тұрмысына баса көңіл бөлгеніне ерекше назар аудардым. Тұрғын үйлер салу, білім беру жүйесін реформалау қарапайым xалық үшін жасалған ізгі шаралар деп есептеймін.

Қытайлық сарапшының бұл пікірін Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Латвия парламенттік тобының мүшесі Сергей Потапкин қолдайды. Ол мемлекеттің стратегиялық даму жоспарының маңызды элементі – адами ресурстарды тиімді пайдаланумен тығыз байланысты ұзақ мерзімді даму мен экономиканы модернизациялау.

СЕРГЕЙ ПОТАПКИН, ЛАТВИЯ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Келешекте пайдалы қазбалар да, алтын да, жердің үлкендігі де емес, адам мен адамның әл-ауқаты кез-келген мемлекеттің, ұлттың басты байлығы болады.  Жетінші бағыт, менің ойымша, мәдениет пен білім, ұлт пен конфессиялар бірлігін, патриоттыққа тәрбиелеу мен бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату  секілді дүниелерді  тегіс қамти алатын бағыт. Сондықтан да, Қазақстанның алдына дұрыс міндет қойып отыр деп санаймын.