Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына сарапшылар пікірі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында қаржы секторын көркейтуге баса назар аударды. Алтыншы басымдықта елдегі қаржы институттарының бір ізге түсіп, Ұлттық банктың қадағалауында болуын ескерткен болатын. Сонымен қатар, Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысын атап өтіп, оның өңірлік хаб ретіндегі маңызын айқындап берді. Шетелдік сарапшылардың пікірінше, мемлекет басшысының мәлімдемесіндегі бұл шешімдер Қазақстан экономикасының дамуына оң әсерін тигізеді екен.

ВЛАДИМИР МИКЛАШЕВСКИЙ – DANSKE BANK FINLAND СТРАТЕГІ ЖӘНЕ АҒА ЭКОНОМИСІ:

 - Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан экономикасын әртараптандыруға бұрыннан талпыныс жасап келеді. Сол үшін де ел экономикасын әртараптандыру мен энергия тасымалдаушы бағасына тәуелділікті жою жұмыстарын жүргізіп отыр. Бұл үшін ең алдымен қаржыдан бөлек банк секторын дамытып, олардың ашық болуын да қадағалау керек.

Ал Италияның жоғары геосаяси зерттеу институтының басшысы Дарио Читати "экономиканы көтеру үшін алдымен мемлекеттік институттардың жұмысы ашық болуы тиіс" деген пікірде. Сонымен қатар, сарапшы Қазақстандық банктер IT-технологияны дамытып, осы салаға белсенді түрде қаржы құю керек. Бұл олар­дың клиенттері үшін де ыңғайлы болады, дейді.

ДАРИО ЧИТАТИ, ИТАЛИЯ ЖОҒАРЫ ГЕОСАЯСИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ «ЕУРАЗИЯ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Алға қадам басу үшін елге инвесторларды тартып, оларға Қазақстанда іс жүзінде заңның үстемдік құратынын көрсету керек болды. Сонда ғана олар барлық қиындықтарға қарамастан, кепілді түрде жұмыс істеуге болатынына сенімді болады. Менің ойымша, бұл ел дамуы үшін өте маңызды дүние.