Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ халқына жолдауындағы 10 бағыттың барлығы өзекті. Әзербайжандық саясаттанушы Тофик Аббасов осылай дейді. Оның айтуынша, әлеуметтік мәселелерден бастап, мемлекеттік басқаруға дейінгі мәселелерді қамтыған жолдауды келешекке белгіленген нақты жоспар ретінде қарастыруға болады.

ТОФИК АББАСОВ, САЯСАТТАНУШЫ:

 - Нұрсұлтан Назарбаевтың өз халқымен тіл табысуды жалғастыру тәжірибесі - көпшіліктің назарында. Себебі, Елбасының жолдаулары мен барлық бастамалары болашаққа бағытталған. Онда алдағы уақытта дамыту керек салалар аталып, нақты тапсырмалар берілген.

Ал Грузия үкіметі әкімшілігінің бұрынғы басшысы Петр Мамрадзе жолдауда айтылған он міндет Қазақстанға әлемдік көшбасшы мемлекеттер қатарына кіруге көмектеседі деп есептейді.

ПЕТР МАМРАДЗЕ, ГРУЗИЯ ҮКІМЕТІ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БҰРЫНҒЫ БАСШЫСЫ /2003-2008/:

 - Президенттің Төртінші өнеркәсіптік революция жайлы айта келіп, Қазақстанның уақытында жаңғырту өткізіп үлгерген елдер қатарына жету жолында жасауы тиіс он бағытқа тоқталғаны қатты әсер етті. Дәл қазір кейбір елдердің көшбасшылық ететін елдер тобына кіруге талпынатын, ал кейбір елдердің дамудан шет қалатын өзгеріс кезеңі екені анық.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер