«Ақылды қалалар» аймақтарды дамытып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартады»

«Смарт сити» технологиясы жарқын болашаққа бағдар. «Ақылды қалалар» аймақтар дамуының локомотивіне айналып, инновациялар кеңінен енгізіліп, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға сеп болады»,– дейді Елбасы халыққа арнаған биылғы жолдауында. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары осы бағытта өз үлестерін қосуға дайын. Қазіргі заманғы қалаларда туындайтын мәселелердің тиімші шешімін табуда заманауи технологиялардың маңызы зор, дейді олар.

ҚУАНЫШ ДӘУРЕНБЕКОВ, ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

 - Төртінші өндірістік революцияда барлық саланы цифрландыру, ақпараттандыру қамтылып отыр. Бұл бойынша университетте және облыс әкімдігінің қолдауымен көптеген жұмыстар жүргізілуде. Атап айтар болсақ, жақында бекітілген «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Қызылорда облысы алғаш рет «Смарт сити» концепциясы бойынша эксперименттік облыс болып тағайындалса, ол бағытта Қорқыт ата атындағы ҚМУ сол концепция дамуына өз үлесін қосуда деп айтуға болады.

Цифрлық технология өмір сүру сапасын жақсартудың кілті болуы керек, дейді батысқазақстандықтар Қазір облыс орталығында «Ақылды қала» жобасы іске асырылып жатыр. Мысалы, емханаларда науқастарға электрондық карталар ашылады. Ал қаладағы 77 жедел жәрдем көлігі жағдаят орталығынан басқаруға болатындай навигациялық жүйемен жабдықталды.

РАСУЛ МЕДЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Жедел-жәрдем орталығында үлкен мониторда барлық жедел-жәрдем машиналарын «JPS»  арқылы көріп отыруға болады. Яғни, қоңырау шалынған кезде диспетчер сол қоңырау шалған азаматтың жедел машинасының тез арада жетуін қамтамасыз етіп отырмыз.

«Смарт Сити» тұжырымдамасына негізделген басқару құралдары қазақстандық қалаларды заман сұраныстарына сай дамытуға мол мүмкіндіктер ашады.