Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына сарапшылар пікірі - Kazakh TV

Елбасының қазақ халықына жолдауында экономиканың барлық саласына цифрлық технологияларды енгізу міндеті берілді. Бұл серпіліс Қазақстанның жоғары тиімді экономиканы құруға, дамыған елдің біріне айналуға мүмкіндік береді. Әлемде ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту басты назарда тұр. Бұл жаһандық экономиканы және еліміздің де экономикасын дамытуда ерекше маңызға ие болмақ. Еуразиялық байланыс орталығының директоры Алексей Пилько осындай пікірмен бөлісті.

АЛЕКСЕЙ ПИЛЬКО, ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бүгінде сол виртуалды шындық технологиясының көмегімен металлургиялық зауытты немесе автомобиль зауытын басқаруға болады. Сондай-ақ, блокчейн технологиясы. Оны кроиптоволютамен шатастыруға болмайды. Блокчеин өндіріс процестерін, банк секторын, ауыл шаруашылығын және көптеген басқа салаларды да тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Биылғы жолдау осыған дейін ел дамуына бағытталған бағдарламалармен өзектес. Мұндағы басты мақсат – өнеркәсіптік революцияның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану. Мемлекет басшысының кезекті жолдауына халықаралық сарапшылар да мұқият мән беріп, танысып шығып жатыр. «Құжаттың маңыздылығы сол – Президент тапсырмаларды орындаудың бағдарын нақты көрсетіп, айқындап берген. Осы арқылы ол ғаламдық ойдың адамы екенін танытып, әлемнің көп елдеріне үлгі болатын қырын көрсетіп отыр», – дейді тарихшы Петро Билян.

ПЕТРО БИЛЯН, ТАРИХШЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫ:

 - Қазақстанның басшысы еңбек етуші қауымның әл-ауқатын арттыру, өмір сүру сапасын жақсарту туралы құр айтып қана қоймай, оны орындаудың нақты құралын да көрсетіп отыр. Құжатта    бизнесті дамыту «қаржы қорын құрудың маңыздылығы жан-жақты жазылған. Жолдауда жемқорлықпен қалай күресудің де жолдары көрсетілген. Құжатпен толық танысып шыққаннан кейін, Мемлекет басшысының ел басқарудағы еуропалық бағытына тәнті болдым. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер