Елбасының халыққа жолдауында  айқындалған міндеттер - әр қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.  ҚХА Астана қаласындағы мүшелері кезекті стратегиялық құжатта айқындаған міндеттердің маңыздылығын осылайша түсінеді. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық табыстың негізінде – бірлігі жарасқан ел халқының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі жатқаны көпке үлгі.

ӘМІРЖАН ӘЛПЕЙІСОВ, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ҚХАФ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Адами капитал оның құндылығы бізде жеткілікті. Бізде білімді жастарымыз көп. Біздің технологиямызда жеткілікті әлемдік жаңа технологиямен жұмыс істеуге, оны жетілдіріп дамытуға негіз бар. Сондықтан Елбасы биылғы жолдауын осы өндірістік революцияға, оның ішінде цифрлы экономикаға, сандық технологияға бағыттауының өзі бізді жаңа деңгейге көтерілуімізге мүмкіншілік берді деген сөз.

Елбасы адами капиталға басымдық беру – дамуға жол ашатынын атап кетті.  Осы орайда, еліміздің кәсіподақтар федерациясы төрағасы  Бақытжан Әбдірайым білім мен ғылымға жақын азаматтарға төртінші өнеркәсіптік революция үлкен мүмкіндік береді,– дейді. Ол цифрландыру мен жаңа технологиялардың тілін меңгеру арқылы әрбір адам өз әлеуетін арттыратынын айтты.

БАҚЫТЖАН ӘБДІРАЙЫМ, ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Жаңа технология енгізген соң  шығаратын өндірістің көлемі мен сапасы ұлғаяды. Бұл енді ел үшін Қазақстан үшін, жеке мекеме үшін үлкен жетістік. Ал, енді босаған азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Елбасы оны атап кетті Жолдауда. Сол себепті мемлекет тарапынан арнайы жаңа бағдарлама жасау,  қайтадан оқыту,, жаңа мамандықтар беру, кәсіптік-техникалық лицейде бірінші мамандықты тегін беру осы арқылы жұмыссыздық азаяды.

Әлемде ауқымды орын алып жатқан цифрлы технология еліміздің барлық саласында да қолжетімді болмақ. Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Cарыбеков енді ақпараттық жүйелерді сабақтастыра отырып білім берудің тиімділігін қуаттап отыр. 

МАХМЕТҒАЛИ САРЫБЕКОВ, М.Х ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

 - Елбасы мынау ақпараттық технологияларды пайдалану, оларды өндіріске енгізу  және осы технологияларды пайдалануға бейімделген жас мамандар даярлау мәселесіне аса назар аударды. Себебі уақыт өткен сайын көп мамандықтар ескіріп жатыр. Бұл мамандықтар мынау еңбек рыногында оларға қажеттілік деген сұраныс деген болмай жатыр. Соған байланысты мынау жаңа мамандықтарға қажеттілік туды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер