Елдегі стратегиялық бағдарламалардың жүзуге асуы – экономикаға негізделеді. Оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту, қаржы жүйесін оңтайландыру, әлеуметтік жағдайды жақсарту секілді маңызды бағыттар бар. Жолдауда көрсетілген цифрлы технология мен оны дамыту – экономиканы ырықтандырудың сенімді құралы саналады. Жолдау экономикалық даму бағытын айқындап берді, бұл тәжірибе бұрын да оң нәтижесін берген дейді экономист- ғалым Рахман Алшанов.  

РАХМАН АЛШАНОВ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

 - Барлық мәселе қамтылып,  екпін беретін бағыттар  анықталды. Бұл осы жолдаудың ең атап айтар тұсы. Дұрыс жоспар- табысты дамудың кепілі. Біздің бұл бағытты таңдауымыз үнемі оң нәтиже беріп келді.  Өткен жылы еліміздің дамуы 4% болды. Ресей экономикасында бұл көрсеткіш 1,8%, әлемдік экономикада одан да төмен. Сондықтан Қазақстанның нәтижесі атап айтарлықтай дер едім. Әрі бұл салмақты экономикалық саясаттың жемісі.

Елімізде адами капиталды арттыру мәселесі мемлекет дамуындағы негізгі міндет. Бұл стратегиялық басты құжаттарда анық көрсетілген. Саясаттанушы Олжас Беркінбаев, адами капиталды қалыптастыруға мемлекеттің медицина мен білім беру, кәсіби даярлау секілді салаларындағы саясаты ықпал етеді, дейді. Ал  адами капитал экономикалық өсімнің сапасына оң әсерін тигізбек. 

ОЛЖАС БЕРКІНБАЕВ САЯСАТТАНУШЫ:

 - Аталған мәлімдемеде саяси, экономикалық, қоғамдық салаларға қатысты түрлі мәселелер сөз болды. Соның ішінде «100 нақты қадам» және өткен жылы бүкіл халықтың санасына сілкініс тудырып, жалғасып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы да айтылды. Оның ішінде ерекше айта кетерлігі мұғалімдер мен мем қызметкерлердің, денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы көтерілетін болды. Бұл адам капиталына баса мән беріп отырған біздің елдің дамуына ереше үлес қосары анық.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер