Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сарапшылар пікірі

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сарапшылар пікірі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында он бағыт көрсетілген. Әр тармақ елдің экономикасының дамуына бағытталған. Сарапшылардың пікірінше, мемлекеттің дамуы – жалпы ішкі өнімнің дамуының индексі болмақ. Бұл қазіргі таңдағы дүниежүзілік тенденцияға сәйкес келеді және қоғам мен мемлекеттің даму дәрежесін дәл көрсетеді.

ЕРЛАН САЙЫРОВ, ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қазақстанда басқа елдердегідей мемлекеттің әл-ауқатын арттыру мақсатында жасалған әдіснама бар. Бүгінде тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде жалпы ішкі өнімнің өсуі мен ауыл шаруашылығын дамыту, халықтың әлеметтік жағдайына өзара статистика жүргізу қарастырылған. Менің ойымша, осындай ауқымды әрі маңызды мақсаттарға жету үшін елдің ішкі жағдайына мән бере отырып, қоғам мен  азаматтар дамуының айрықша индекаторын енгізген абзал.

Елбасы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеруге баса назар аудару қажеттігін айтты. Экономистер «ақылды технология» жобасы ауылшаруашылығының жедел дамуына үлес қосатынын айтты.

БАУЫРЖАН ТОЛЫСБАЕВ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

 - Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында да агроөнеркәсіп кешені басты бағыттардың бірі болып көрсетілген. Халқымыздың 44 пайызы ауылды аймақтарда тұрып жатыр. Сондықтан да жаңа технологияларды ең алдымен елдімекендерде енгізу қажет. Мал және егін шаруашылығында күрделі өзгеріс болғаны абзал.