Қазақстан елдердің терроризмге қарсы күрес жөніндегі коалициясын құрды

Нью-Йорктегі Бірікккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде 70 елдің терроризмнен азат әлемге қол жеткізу мінез-құлық кодексіне қол қойылды. Естеріңізге сала кетейік, коалиция құру туралы идеяны 2015 жылы Бірікккен Ұлттар Ұйымының мінберінен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен болатын. Лаңкестіктің алдын алу және оған тойтарыс беру бойынша Қазақстан ұсынған стратегияны Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов таныстырды. Кодекс контртерроризм мәселесі бойынша халықаралық міндеттемелер көрсетілген бірыңғай құжат болып табылады. Делегация басшылары БҰҰ-ның халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және лаңкестікке қарсы құрылым құжатын қабылдау маңызды қадамдардың бірі деп атап өтті.