Душанбеде ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы өтті

Душанбеде ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы өтті

Душанбеде ТМД мемлекет басшылары кеңесінің 46-шы отырысы аяқталды. Президенттер әуелі шағын форматта бас қосып, өзара серіктестікті нығайтудың жолдарын пысықтады. Кеңейтілген кездесудің күн тәртібінде 2 сұрақ қаралды. Бірі – II Дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 75 жылдығына орай іс-шаралар жоспарын бекіту болса, екіншісі – ғарыш саласын бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану туралы мемлекетаралық конвенция. Тараптар қос құжатты да қолдады. Кеңестің қорытындысы бойынша, 20 шақты құжат бекітілді. ТМД мемлекет басшыларының келесі саммиті төрағалық тізгінін қабылдаған Түрікменстанның Ашхабад қаласында 2019 жылдың қазан айында өтеді.