Қазақстан мен Индонезияның дипломатиялық қарым-қатынасына – 25 жыл

Қазақстан мен Индонезияның дипломатиялық қарым-қатынасына – 25 жыл

Қазақстан мен Индонезия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл болды. Ширек ғасырда тараптар экономиканың қай саласында болмасын, нәтижелі әріптестікке қол жеткізіп келеді. Жылдан жылға қос елдің өзара саяси, экономикалық және мәдени байланысы нығаю үстінде. Индонезияның еліміздегі елшісі Рахмат Прамононың айтуынша, екіжақты тауар айналымын арттыру мүмкіндігі мол.  Өткен жылы елдердің арасындағы сауда-саттық көрсеткіші бірнеше есеге өскен. Сондай-ақ қазіргі таңда туризм саласында серіктестікті дамытудың жаңа мүмкіндіктері қарастырылуда. Мәселен, былтыр 5 мыңнан аса қазақстандық Индонезияға саяхат жасаған. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда, Индонезияны танып-білуге қызығушылық білдірушілердің артқанын байқатады. Еске салайық, қазақстандықтар үшін Индонезияға 30 күнге дейін визасыз режим енгізілген. Бұл туристік ағынды арттыруға мүмкіндік берді,- дейді дипломат.   

РАХМАТ ПРАМОНО, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  ИНДОНЕЗИЯ ЕЛШІСІ:

 - Елдеріміз бір-бірінен үлкен қашықтықта орналасқанымен, байланысымыз үздіксіз дамып келеді. Мәселен, 2017 жылы Қазақстан мен Индонезия арасындағы тауар айналымы 136%-ға өсті. Өзара сауда-саттық 53 миллион доларды құрады. Тараптар арасында алыс-беріспен қатар инвестициялық әріптестікті дамытудың әлеуеті зор деп ойлаймын.