Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Қытай арасында көп салалы стратегиялық сенімді байланыс орнаған. Қос тараптың өзара тиімді әріптестігін жетілдіре түсуде «Нұрлы жол» көліктік-логистикалық жобасы мен «Бір жол, бір белдеу» бастамасының маңызы зор. Еске салсақ, аспан асты елінің бастамасын ҚХР төрағасы Си Цзиньпинь алғаш рет бес жыл бұрын Қазақстанда көтерген болатын. Екі жақты әріптестік аясында қазір 51 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олар мұнай өнімдері, алюминий, мыс кендерін өндіру сынды жобалар. Мәселен, қазір Алматыда кең диаметрлі болат құбырлар шығаратын зауыттың құрылысы жүріп жатыр. 

ЧЭНЬ ДАЮ, ҚҰБЫРЛАР ШЫҒАРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: 

– Бүгінде қытайлық компания мұнай мен газ құбырларының желілерін салып сатыр. Сондықтан біздің өнім сұранысқа ие болады.

Құбыр шығаратын жаңа өндіріс ошағы заманауи автоматтандырылған қондырғылармен жарықтандырылады. Нәтижесінде Қазақстан бұл өнім импортын 70 пайызға қысқарта алады. Кәсіпорын жыл соңында қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Жалпы жоба құны 100 миллион доларды құрайды.

ДМИТРИЙ РОДИОНОВ, БАС ИНЖЕНЕР:

- Өндіріс мұнай-газ саласының дамуына үлкен ықпал жасайды. Мұнай өңдеу және жеткізу желілеріне аса қажет өнім. Сондай-ақ қаланың тұрғын үй коммуналдық шаруашылығындағы жылу және су құбырларын тартуға болады.

Елдер арасында агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша әріптестік дамып келеді. Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдері Қытайдың сұранысына ие.

ТИМУР ШАЙМЕРГЕНОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

- Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық біздің еліміздің ауыл шаруашылық өнімділігін дамытуға сеп болды. Осының арқасында аспан асты елі Қазақстанның табиғи таза ауылшаруашылық өнімдерімен  өз мұқтаждығын қамти алады.  Біз бірқатар қытайлық кәсіпорындардың бірлескен жоба құруға ниетті екендерін байқадық. 

Халықаралық сарапшылардың пікірінше «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы қазақ-қытай ынтымақтастығы екі жаққада бірдей тиімді. Бұл өз кезгінде ел экономикасын әртараптандырып жаңғыртуға жаңа дем болады.