Орталық Азия елдері СІМ басшылары Сеулда кездеседі

Қарашаның 6-сында Сеулде Орталық Азия мен Корея Республикасы Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның сыртқы саясат ведомствосы хабарлады. Жиынға дайындық үшін Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан министрліктері мен ведомстволарынан 5 өкілден шақырылған. Біздің елден оған Энергетика және ауыл шаруашылық министрлігінің қызметкерлері қатысты. Қонақтарға экологияны жақсарту бойынша ноу-хау көрсетіліп, қазақстандықтар орталықазиялық әріптестермен бірге қоқысты қайта өңдеу алаңын көрді. Мұнда тұрмыстық қоқыс қайта өңделіп, тазартылып, одан ауыз су, мал азығы және қалалық автобустар пайдаланатын газ алынады. Сонымен қатар делегация мүшелері экологиялық зерттеулер жөніндегі ұлттық институтта болды. Бұл мекеме ауаға зиянды қалдықтар шығармайтын және күн батареялары арқылы өзін электрмен қамтамасыз ететін «ақылды» ғимаратта орналасқан.

КИМ СОНГ ИН, КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ-ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ФОРУМЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: 

Сеулдегі 5 мемлекет Сыртқы істер министрлері кездесуінің басты тақырыбы - су қорларын тиімді пайдалану және Арал теңізін құтқару. Сондықтан суды тазарту бойынша ноу-хаумен таныстыру үшін осы саланың мамандарын шақырдық. Сондай-ақ, біз Орталық Азия елдері өкілдері корейлік әріптестерімен танысып, тәжірибе алмасса деп едік.