Қазақстандық әскери өнім Мәскеудегі халықаралық форумда ұсынылды

Қазақстандық әскери өнім Мәскеудегі халықаралық форумда ұсынылды

Қазақстандық әскери өнімнің экспорттық әлеуеті бар. Мұндай пікірді ұстанған шетелдік мамандар отандық оптика, радио, бронды кеудешелер сияқты әскери амуницияға және жүйелерге қызығушылық танытып отыр. Қазақстандық қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының өнімдері Мәскеудегі «Армия-2018» халықаралық форумында көптің назарына ұсынды. Қазақстандық тарап аталмыш шараға осымен үшінші жыл қатарынан қатысып отыр.

АСЛАНБЕК СЫРЛАНОВ, ҚР ҚАӨМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Бағасы мен сапасы жақсы болғандықтан, біздің өнімнің бәсекеге қабілеттілігі жоғары. Өйткені қазақстандық кәсіпорындарда кәсіпқой мамандар жұмыс істейді. Олар заманауи құрылғылар жасай алмайтын бұйымдарды асқан дәлдікпен жинайды.

ҚАЙРАТ ҚАЛМАНБАЕВ, «ТЫНЫС» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Біз авиациялық қосалқы бөлшектер мен түрлі мақсаттағы агрегаттарды экспортқа шығаруда жалғыз тапсырысты жеткізушіміз. Сонымен қатар, жеткізуден басқа, біз осы бұйымдардың өндіріс технологияларын ойлап табушы болып табыламыз.

Қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған отандық стенд 200 шаршы метрден астам аумақты қамтиды. Мұнда әскери бұйымдар және қосарланған мақсаттағы 120-дан астам үлгілер мен макеттер ұсынылды. Айта кетейік, «Армия - 2018» халықаралық әскери-техникалық форумына 18 мемлекеттен 80-нен аса кәсіпорын қатысты.

ТАЛҒАТ ЖАНЖҮМЕНОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Әскери техникалардың жаңа заманауи үлгілерімен танысудан бөлек, серіктестік қарым-қатынасты да реттеп жатырмыз. Біздің әскерімізге қажет тауарларды Қазақстанға тасымалдау мәселесін шешпекпіз. 

Сонымен қатар, форум аясында қазақстандық делегация бірқатар шетелдік серіктестерімен келіссөздер жүргізді.