Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі

Қазақстан жақын арада Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияны бекітуді жоспарлап отыр. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, теңіздің түбі көлге, ал судың қабаты теңізге қолданылатын құқықтардағы ұстанымға негізделіп белгіленеді. Еске салайық, тарихи құжатқа Ақтау қаласында өткен Каспий маңы елдерінің V саммиті барысында қол қойылды. Сондай-ақ бас қосуда 5 елдің тиісті ведомства басшылары бірқатар үкіметаралық келісімдерге қол жеткізді.  Онда Каспийдегі заңбұзушылықтардың алдын алу, терроризммен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте шекаралық қызметтердің бірлескен іс-қимылдарын қамтамасыз ету туралы уағдаластық жасалды.

САБЫР ХАСАНОВ, ШЕКАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТТІҢ ЖАҒАЛАУЛЫҚ КҮЗЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Каспий маңы елдерінің V саммиті барысында тараптар шекаралық ведомствалардың өзара әрекеттестік жөніндегі хаттамаға қол қойды. Құжат тиісті органдардың әріптестігін орталық және аймақтық деңгейлерде жүзеге асыруға құқықтық негіз жасайды. Жұмыла әрекет ету бірінші кезекте кемелердің тоқтату, мемлекетаралық  шекара заңын бұзған немесе заңсыз іспен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға қатысты өзара ақпарат алмасуды көздейді.