Қазақстан-АҚШ: Экономикалық ынтымақтастық

Қазақстандық тауар өндірушілер АҚШ-тың бірыңғай сауда преференцияларының жүйесі бойынша Америка нарығына шығады. Бұл дегеніміз бізден экспортталатын тауарлардың бірқатарына кедендік баж салықтарының төмендетілген мөлшерлемелері қолданылады деген сөз. АҚШ Сауда өкілдігінің бағдарламасына қатысу мүмкіндіктерімен жергілікті кәсіпкерлерді елордаға арнайы келген америкалық делегация өкілдері таныстырды. Атап өтерлігі, аталған бағдарламаның бірінші кезеңінде 25 мемлекет қамтылды. Жеңілдетілген жүйеге тіркелген елдер 3,5 мың тауар түрін АҚШ-қа сатуға мүмкіндік алады. Бүгінде Қазақстан негізінен металл және қорытпалар экспорттап отыр. Ендігі жерде АҚШ нарығына ауылшаруашылық және халық тұтынатын тауарларды шығаруға жол ашылып отыр. Айта кетейік, бүгінде елімізде 2 мыңға жуық тауар өндіруші тұрақты түрде шетелге өнім экспортайды. 

АЯН ЕРЕНОВ, ҚАЗАҚСТАН СЫРТҚЫ САУДА ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 - Жеңілдетілген бағдарлама аясында феррохром, ферросилиций сынды өнімдер экспортталады. Енді біз басқа да тауар түрлерін, ауылшаруашылығы өнімдерін  осы жоба шеңберінде жөнелтуді көздеп отырмыз. Зергерлік бұйымдарды да тасымалдауға болады. Біздің қазақстандық компаниялар үшін бұл зор мүмкіндік.