Каспий саммиті – әлемдік БАҚ назарында

Ақтауда өткен Каспий маңы елдерінің V саммиті – әлем назарын аудартқан елеулі оқиға. Мұны шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалардан-ақ байқауға болады. Әлемдегі ірі халықаралық ақпарат агенттіктерінің бірі – «Рейтер» саммиттің Каспий маңы елдерінің өзара қарым-қатынасының дамуында маңызды қадам екендігін жазады. Мақала авторлары 5 мемлекеттің басшылары кездесуінің қорытындысында қабылданған Каспийдің мәртебесін растайтын конвенцияның маңыздылығына баса назара аударған.

**************************************

Ал қытайлық «Синьхуа» Fгенттігінің журналистері кездесу барысында қол қойылған үкіметаралық келісімдерге басымдық беріпті. Ақgаратта бұл құжаттар Каспий өңірі экономикасының түрлі салалар бойынша дамуында ортақ стратегияға қол жеткізуге мүмкіндік беретіндігі айтылады. Сондай-ақ көлік тасымалын жүзеге асыру кезінде технологиялық және әкімшілік процестердің үйлесімділігі жайы да жазылған.

***********************************

«Евроньюс» еуропалық ақпараттық телеарнасы Ақтауда қабылданған Конвенция Каспийдің тыныс-тірішілігін айқындайтын тарихи құжат деп атап өтті. Сонымен қатар,  телеарна ауқымды теңіз жобаларын іске асыру кезінде міндетті түрде экологиялық фактор ескерілетініне көрермендердің назарын аударады.