Қазақстан LPI рейтингінде көтерілді

Қазақстан Дүниежүзілік банктің халықаралық жүктерді тасымалдау рейтингі бойынша өз көрсеткіштерін жақсартып 6 сатыға жоғарылады.  2 жылда бір сараланатын бағалау жүйесіне ішкі және сыртқы логистикалық тиімділік пен инфрақұрылым сапасы назарға алынды. Ағымдағы жылы Қазақстан 160 мемлекет ескерілетін бұл санақта 71 орынға табан тіреді. Бұған қос бірдей көрсеткіштің қатар өсуі сеп болған. Мәселен, кедендік рәсімдеудің тиімділігінің артуы арқасында еліміз 21 сатыға жоғарылады. Ал жүктерді дер кезде жеткізу жағынан көрсеткіш 42 сатыға дейін жақсара түскен. Мамандар бұндай өсімді өткен жылдың қазан айында «Астана-1» кедендік және салықтық автоматтандырылған басқару жүйесінің іске қосылуымен байланыстырып отыр. Бүгінде тауарларды кедендік рәсімдеудің бірыңғай мөлшерін бекіту жобасы қарастырылып жатыр.