Ақтауда Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммиті өтеді

Ақтауда тамыздың 12 күні Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммиті өтеді. Халықаралық маңызды шараға Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Түркменстан мен Иранның президенттері бастаған бес ел делегациясы қатысады деп күтілуде. Саммит барысында Каспий маңы мемлекеттерінің сауда-экономикалық қарым-қатынастарын және көлік байланыстарын дамыту мәселелері талқыланбақ. Сондай-ақ Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі де ой өзегіне айналмақ. Бүгінде Ақтауда халықаралық шараға дайындық қызу.

ҚАЙРАТ АҚЫБАЕВ, АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТКШ  БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

 - Қонақтар үшін арнайы әрбір қиылыста жол көрсеткіш белгілері орнатылады. Бүгінде орталық көшелердегі тас жолдар жөнделуде. 5 елдің делегаттарына 6 қонақ үй дайындалуда.