Қазақстан мен Өзбекстан мұрағатшылары бірігіп ортақ «Жол картасын» жасамақ - Kazakh TV

Қазақстан мен Өзбекстан мұрағатшылары бірігіп ортақ «Жол картасын» жасамақ. Басты құжат аясында арнайы жұмыс тобы құрылады. Алдағы уақытта екі елдің  ғалымдары мен тарихшылары тізе қосып, жазба деректерді жинау арқылы Орталық Азияның ортақ тарихын жазатын болады. Өзбекстандағы мұрағатта VIII ғасырда жазылған жалпы ұзындығы 30 метрден асатын қолжазба сақтаулы тұр. Демек құжатта сан ғасырлар бойы бауырлас елдердің тарихын дәлелдейтін талай тың деректің бар болғаны. Сондай-ақ  мұрағат саласын жетілдіру, ондағы құжаттарды бүлдіріп алмай кезең-кезеңімен цифрландыру мәселесі жоспарланып отыр.

УМИДЖОН АЪЛАМОВ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МҰРАҒАТ АГЕНТТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫМ:

 - Меморандум жобасын әзірлеу туралы шешім қабылдадық. Екі елдің мұрағаттары арасында ортақ келісімге келмекпіз. Онда тек жалпы тарихты зерттеп қана қоймай, өзара ынтымақтастық байланысын жандандыруды көздеп отырмыз.

ЕРІК ӨТЕМБАЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 - Ең бірінші мәселе – ол екі елдің арасында үлкен бір топ құру. Сол академия және мұрағат мамандары бірге жұмыс жасап, бірге «Жол картасын» жасау. Себебі бұндай ынтымақтастық үлкен серпін береді. Қазіргі таңда Қазақстан мен Өзбекстан дамуы өте маңызды болып тұр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер