Қазақстан-Франция стратегиялық әріптестігіне – 10 жыл

Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың орнағанына 10 жыл толды. Ол еліміздің Еуроодақ ішіндегі ең ірі деген экономикалық әріптестердің бестігіне кіретін мемлекет. Тараптардың қарым-қатынасы тек сауда-саттық іскерлік байланыспен шектелмейді. Елдеріміздің білім мен мәдениет салаларындағы сабақтастығы жанданып келеді. Мәселен,  Абай-Верн стипендиялық бағдарламасы 100-ге тарта отандық магистрант пен докторанттардың Францияның жетекші ЖОО-да қабылдаушы жақтың есебінен білімдерін жетілдіруге мүмкіндік берді. Елімізде жыл сайын Франкофония байқауы ұйымдастырылып тұрады. Жақында Ұлттық мұражайда танымал француз суретшісі Поль Серюзьенің жеке көрмесі ашылғанын айта кету керек.       

ФИЛИПП МАРТИНЭ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФРАНЦИЯНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 - Ай бойы жалғасқан мерекелік шаралар қорытындыланды. Абай-Верн гранттары салтанатты түрде табысталды, түрлі кездесулер өтті. Биылғы жыл Қазақстан мен Франция үшін өте табысты өтіп жатыр. Стратегиялық әріптес елге айтар алғысымыз шексіз. Қазақстандықтарды Франция елін қонақтап қайтуға шақырамыз.