Қазақстан – көпвекторлы дипломатиялық қатынастарымен белгілі сенімді серіктес

Қазақстан – халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Еліміз – көпвекторлы дипломатиялық қатынастарымен белгілі сенімді серіктес. Шетелдік саясаттанушылар Қазақстанның ғаламдық бастамаларын ерекше атап көрсетеді. Әлемдік қауымдастық Қазақ елінің ядролық қаруды таратпау режимін нығайту және халықаралық терроризммен күрес бағытындағы іс-қимылдарын жоғары бағалайды. Бүгінде Қазақстан халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы маңызды іс-шаралардың бастамашысы болып табылады, деп атап өтті БҰҰ-ның лаңкестікке қарсы комитетінің өкілдері. Сарапшылар Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлінің маңыздылығын атап, Орталық Азияның жүрегінде орналасқан республика өңірлік және әлемдік саясатқа әсер етуі мүмкін дейді. Сонымен бірге БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі бола отырып, Қазақстан күн тәртібінде қаралатын барлық мәселелер бойынша өзінің сындарлы үлесін қосуға ұмытылып келеді.

ВЭЙСЮН ЧЕН, БҰҰ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИТЕТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Мені Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстан Республикасының жұмысы таң қалдырады және ерекше атап өткім келеді. Сондай-ақ бұл мемлекет Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі және ондағы бірнеше комитетке жетекшілік етіп отыр. Қазақстан тек Орталық Азияда емес, әлемдік қауымдастықта бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам құқықтарын дамыту, тіпті су ресурстары  мәселелері бойынша маңызды рөл атқарады. Менің ойымша, Қазақстан және оның Астанасы бізді жетістіктерімен әлі талай қуантады.