Франциялық компаниялар Қазақстанда «Smart қала» жобаларын жүзеге асырмақ. Жобалар негізінен қалалықтарға көрсетілетін барлық қызметтердің қауіпсіздігі қамтамасыз ету мен ресурстарды тиімді басқаруға арналады. Екі ел цифрлық технологиялар саласындағы әріптестікті дамытуды көздеп отыр.

ФИЛИПП МАРТИНЭ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФРАНЦИЯ ЕЛШІСІ:

 - Франциялық кәсіпорындар «ақылды» қаланы дамытуға қызығушылық танытып отыр.  Олар ең алдымен нарықты зерттеп, өздеріне серіктес табуды көздейді. Кейін бірлескен жобалар қолға алынбақ. Францияның мемлекетті цифрландыруда тәжірибесі  мол. Мемлекетте салықтардың бәрі интернет арқылы төленеді.

Күз айларында цифрлық экономика бойынша Қазақстан-Франция бірлескен  форумы өтпек. Оның аясында Астана және Алматы қалалары ЖОО-мен бірлесе Хакатон ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ екі ел ұйымдастыратын  көрмелер мен концерттер де ерекше болмақ. Оларды интерактивті, мобильдік құрылғылардың қолданылуымен өткізу көзделуде.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер