Әлемдік аренадағы Қазақстанның орны

Қазақстан әлемдегі тұрақтылық пен бейбітшілікке қол жеткізуде өз үлесін қоса алатынын дәлелдеп келеді. Сонымен қатар мәдениетаралық диалогқа да ерекше көңіл бөледі. Бұл туралы Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ штаб-пәтерінде 2030 жылға дейінгі тұрақты даму жайында өткен форум қатысушылары атап өтті. Өркениеттер Альянсының өкілдері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ маңызды миссиясы туралы айтып өтті. ЖОО БҰҰ «Академиялық ықпал» жаһандық хабын және ЮНЕСКОНЫҢ Орталық Азия бойынша тұрақты даму аймақтық хабын басқарады. Олардың айтуынша, университет – жаһандық бастамалар үшін тиімді алаң. Сондай-ақ конференцияға қатысушылар Қазақстанда бейбітшілік пен толеранттылық мәселесінің ерекше екендігін атап өтті.

АНИФА МИCРИ, БҰҰ ӨРКЕНИЕТТЕР АЛЬЯНСІ ЖОҒАРҒЫ ӨКІЛІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

 - Біз білім алу мәселесінде кемсітушілікке ұшырайтын адамдар жайында сөз қозғадық. Және бұл жерде тек жазу мен оқи алу туралы ғана емес, сонымен қатар қудалауға ұшырағандардың жан бағуы мен рухани күш алуы туралы сөз болды. Мен Астана мен Алматыда, әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ-де болдым. Алған әсерімді сөзбен айту жеткіліксіз. Біз қазақстандықтардың рухани байлығы және өз мәдениеті мен мұрасы жайлы өзгелермен бөлісуге дайын тұратынына тәнті болдық. Елдеріңіз көп жетістікке жетті. Әрине, жоғары тұрған басқа елдер де бар, бірақ сіздердегі достық сезімі ерекше.

Қазақстан Орталық Азияда өңірлік және әлемдік саясат пен қарым-қатынас, көрші елдермен, сондай-ақ шетелдік серіктестермен дамуда стратегиялық орын алады. Мысалы, Астана мен Токио арасындағы ынтымақтастық БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде бірлескен жұмысы кезінде нығая түскен.

КОРО БЕШО, БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАПОНИЯНЫҢ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

-  Қазақстан мен Жапония қауіпсіздік пен бейбітшілік тұрғысында, ядролық қарусыздану мен оны таратпау мәселесінде жұмыла жұмыс істеп келеді. БҰҰ-ның Халықаралық, Қылмыстық және өзге де трибуналдарымен бірге өзара іс-қимыл мәселелерін талқыладық. Бұл БҰҰ-ның жарғылық құжаттарында жазылмағанымен, біз оны жетілдіре беруіміз керек. Ал аталмыш құрылымдарға мүше елдер осы тектес әріптестікті қолдаулары тиіс. Екіншіден, есеп беру үлкен маңызға ие. Өйткені біз кейде халықаралық және гуманитарлық құқықтың бұзылғанына куә боламыз. Өкінішке қарай, Қауіпсіздік Кеңесі өзінің бұған қарсы тұра алмауын жиі сынайды.