Қазақстан Ресеймен өңіраралық және шекаралық ынтымақтастығын кеңейтеді. Осы мақсатта еліміздің Солтүстік Қазақстан және ресейлік Омбы облыстары өзара серіктестік орнатып,  әр түрлі салалар бойынша маңызды 10 құжатқа қол қойды. Тек өткен жылдың өзінде көршілес 2 өңірдің сауда айналымы шамамен 280 миллион теңгені құраған. Жыл сайын бірлескен кәсіпорындар саны да өсіп, 5 жылда олардың қатары 40% құрап отыр. Бүгінгі таңда 247 өндіріс орны іске қосылып тұр. Қос тарап Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын шығару жөнінде бірлескен жоба төңірегінде келісім жүргізді.

АЛЕКСАНДР БУРКОВ, ОМБЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ГУБЕРНАТОРЫ:

 - Кәсіпорындардың бірі трактор техникаларын жөндеумен айналысады. Бұл негізінен К-700 тракторларын тексеруден өткізеді. Мұндай тракторлар бүгінгі таңда қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерде өте көп. Осы мақсатта жөндеу базасы, мамандар, технологиялар қажет. Облыстарыңыз бұл хабарды жақсы қабылдады және мұнда жұмыс істеуге дайынбыз.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Іс жүзінде қос тарапты бірдей мәселе алаңдатады. Бұл, ең алдымен аумақтарды, мекендерді, сонымен бірге өмір сапасын жақсарту, өңірлерді дамыту болып отыр. Осы шекараға шектес аумақтар арасындағы туындаған сұрақтардың оң шешім табуында үлкен әлеует жатыр деп ойламын.

Қазақстан мен Ресей машина жасау, өнеркәсіп, АӨК және туризм салаларында ынтымақтастықты арттыруға ниетті. Қазақстандық тарап өз кезегінде ресейлік кәсіпкерлерді біздің елімізде бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды. Бұл үшін елімізде инвесторларға келісті жеңілдіктер мен қолайлы климат қарастырылған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер