Қазақстан мен Словакияның ынтымақтастық қарым-қатынасы жаңа серпін алуда. Ширек ғасырлық достықта елдерді сенімді әрі жан-жақты стратегиялық және өзара тиімді серіктестік байланыстырады. Сауда, экономика, денсаулық сақтау және мәдениетті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Ресми Братислава машина жасау саласы мен атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі. Сондай-ақ тараптар кәсіби кадрлармен алмасу туралы келісті.

МАРЕК ШАФИН, СЛОВАКИЯ СІМ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Словакияда су ресурстарын басқаруда өте жақсы тәжірибе бар. Бұл –Орталық Азиядағы өте өзекті мәселе. Қазақстанға біз немқұрайлы қарамаймыз, онда не болып жатқанын және біздің қарым-қатынасымыздың одан әрі дамуына мүдделілік танытамыз.

Парламенттік дипломатия да екі жақты өзара ықпалдастықты нығайтуға маңызды үлес қосып жатыр. Екі елдің жоғары заң шығарушы органдарында парламентаралық достық топтары құрылды. Тараптар 2 елдің инвестициялық ахуалы қазақ және словак бизнесіне пайдалы жаңа жобаларға ие екеніне сенім білдірді. Мысалы, Ақтөбе облысында бірлескен құс фабрикасы салынады.

САЯН ҚҰЛЖАНОВ, СЛОВАКИЯДАҒЫ ҚР ЕЛШІЛІГІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

 - Біздің бұл жерде басты мақсатымыз – экономикалық дипломатияны дамыту. Сол себепті инвесторларды тартуға тырысамыз. Сондықтан Қазақстанда ақырындап бірлескен кәсіпорындар ашылып жатыр. Қазіргі таңда 30-дан астам бірлескен кәсіпорын бар.

Сарапшылар өзара тиімді ынтымақтастық келешегін атом энергетикасы саласынан көреді. Қазақстан уран өндіруде әлемдік көшті бастап тұр және атом саласын дамытуда өзіндік жолы бар.

ДУШАН ПОДГОРСКИ, СЛОВАКИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БҰРЫНҒЫ ЕЛШІСІ:

 - Словакияда 2 ірі атом электростанциясы бар, тағы екі блоктың құрылысы бітуге таяу. Қазақстанның Курчатов қаласында Ұлттық ядролық орталық бар. Ғылыми-зерттеу орталығы заманауи жабдықтармен қамтылған. Қос ел ғылыми зерттеу саласында маман алмаса алады.

Айтпақшы, Еуропадағы ең жас және соған қарамастан әлемдегі дамыған елдердің бірі бсаналатын Словакия ұстанатын саясат Қазақстандыкіне өте ұқсас. Екі мемлекет те бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосуда.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер