Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестігіне – 10 жыл. Франция Қазақстанмен мұндай келісімге қол қойған алғашқы еуропалық мемлекет. Бүгінде 2 елдің ынтымақтастығы сан саланы қамтиды. 2017 жылдың қорытындысы бойынша, 2 елдің тауар айналымы 3 млрд доллардан асты. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 38% артық. Франция Қазақстан инвесторларының бестігіне кіреді. Бұл ел біздің экономикаға 13 млрд доллардан астам қаржы бағыттаған.

ФИЛИПП МАРТИНЭ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФРАНЦИЯ ЕЛШІСІ:

 - Біздің тауар айналымымыздың басым бөлігін мұнай мен уран құрап отыр. Және де энергия саласы еніп отыр. Біз жаңа салалар бойынша әріптестіктің дамуын қалаймыз. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында ортақ жобаларды жүзеге асыруға болады. Қазақстан арқылы Қытай нарығына да жол ашылады. Осы салаға инвестиция бөлуге ден қою жоспарлануда.

Қазіргі таңда елімізде Франция капиталының қатысуымен жұмыс істейтін 130-ға жуық компания бар. Қос тарап жаңа технологиялар, инновациялық кәсіпорындар мен стартаптарды қолдауға назар аударып отыр. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қазақстандық және франциялық компаниялар арасында жаңа жобалар қолға алынады деп күтілуде.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер