Жиын соңында әдеттегідей саммиттің қорытынды құжаты қабылданды. Келелі кездесу Циндаода өткен соң Циндао декларациясы түзілді. Оған құрылымның құрамындағы 8 мемлекеттің басшысы қол қойды. Бұдан бөлек президенттер бірқатар құжатты рәсімдеді.

Оның арасында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ұзақмерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарт ережесін жүзеге асырудың 2018-2022 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бар. Мұнан бөлек есірткі мен терроризмге қарсы іс-қимыл және Азық-түлік қауіпсіздігі ынтымақтастық бағдарламасын бекіту жөніндегі келісімдер де бекіді. Ал ұйымға төрағалық ету міндеті енді Қырғызстанға жүктелді. Бұл ретте Қытай төрағасы келесі саммитті ұйымдастыруға мүше мемлекеттер көмектесуге әзір екенін жеткізді.

Си Цзиньпин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы:

- Біз бәріміз бірлесіп Шанхай ынтымақтастық ұйымының әріптестігі аясында халықаралық байланыстарды кеңейтудің маңыздылығын растаймыз. Тараптар бақылаушы мемлекеттермен әрі аймақтағы өзге де елдермен өзара тиімді серіктестікті одан әрі тереңдете түсуге дайын. БҰҰ-мен және өңірдегі басқа да ұйымдармен тәжірибе алмасып, әлемде бейбітшіліктің орнауына және баршамыз бірдей гүлденуіміз үшін күш салатын боламыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер