Қазақстан мен Латвия арасында тығыз саяси және экономикалық әріптестік орнаған. Ригада қос тараптың Сыртқы істер министрліктерінің өкілдері өзара тиімді ынтымақтастық келешегін талқылап, сауда және экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға мүдделілік білдірді. Латвия елімізді жаңғырту мен ұзақ мерзімді дамуын мақсат ететін реформалар мен халықаралық ұйымдарда Қазақстан ұсынған бастамаларға қолдау көрсетуде.

АНДРЕЙС ПИЛДЕГОВИЧС, ЛАТВИЯ СІМ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

 - Біз Қазақстанды аймақтағы басты серіктесіміз ретінде қарастырып жүрміз. Соңғы жылдары Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы өзара әрекеттесуді қолдап келеміз. Былтыр осы бағытта серіктестік жөнінде келісім жасалды. Енді бұл жолы Еуроодақ пен Қазақ елінің өзара әрекеттестігін айқындайтын жаңа стратегия әзірлеп жатырмыз. Әрине бізді біріктіретін ортақ қатерлер де бар. Бұл – лаңкестік пен есірткі тасымалы.

ЮРИЙC ПОГРЕБНЯКC, ЛАТВИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:

 - Бұл ретте – білім беру, жасыл және ақпараттық технологиялар саласындағы қатынастарды, сондай-ақ көлік, логистика, транзит пен еуразиялық тасымалды дамыту мәселелерін сөз еттік. Біз – бір құрлықта орналасқан серіктес елдерміз. Сол себепті осы салаларда бірлесіп, жұмысымызды жалғастыра береміз.

Өз кезегінде Қазақстан тарапы да Латвиямен өзара әрекеттесу қарқынына жоғары баға беріп отыр. Дипломатиялық қарым-қатынастарының 25 жылдық мерейтойын былтыр атап өткен 2 елді бүгінде берік достық пен өзара тиімді ынтымақтастық біріктіріп отыр.

РОМАН ВАСИЛЕНКО, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Арамызда толық түсіністік бар, шешілмеген мәселе жоқ, екі жаққа да тиімді серіктестікті нығайтуға мүдделіміз. Осы негізде қарым-қатынасымызды одан әрі дамыта береміз.

Сонымен қатар 2 ел өкілдері ауыл шаруашылығы, нанотехнологиялар мен құрылыс салаларында ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытып отыр. Латвиялық әріптестер Қазақстандағы мемлекеттің қарқынды дамуын көздейтін реформалардың іске асырылуын мұқият қадағалап отырғандарын айтады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер