Қазақстан-Ұлыбритания: Әріптестікке 26 жыл - Kazakh TV

Қазақстан мен Ұлыбритания әріптестігі тың серпін алды. Екіжақты серіктестіктік нәтижесімен Қазақстанның Біріккен Корольдіктегі елшісі Ерлан Ыдырысов бөлісті. Оның айтуынша, 26 жыл ішінде елдер экономика, білім және мәдениет салаларындағы байланысты барынша нығайтқан. Қазіргі таңда Ұлыбритания Қазақстанның 10 негізгі сауда әріптестерінің қатарында. Тәуелсіздік алғаннан бері Біріккен Корольдік елімізге 25 млрд доллардан астам инвестиция бағыттаған. Британиялық компаниялар үшін мұнай-газ, тау-кен салалары тартымды болып отыр. Елдер өзге салалардағы әріптестікті де нығайтуға ниет танытуда. Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, мұндай секторлар қатарына қаржы, цифрландыру және ауыл шаруашылығы еніп отыр. Биыл екіжақты байланысты нығайтуға бағытталған бірқатар шаралар жоспарланған.

ЕРЛАН ЫДЫРЫСОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛЫБРИТАНИЯДАҒЫ ЕЛШІСІ:

 - Биыл біз қазан айында ірі бизнес форум өткізуді көздеп отырмыз. Іскерлік кеңес пен үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы да ұйымдастырылады. Ресми түрде іске қосылған соң шілде айында Лондонда «Астана» халықаралық қаржы орталығының таныстырылымы өтпек. Іс-шара хабқа шетелдік қатысушыларды тарту мақсатында жасалады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер