XVIII ШЫҰ саммиті Қытайтың шығыс бөлігіндегі Циндао аймағында 9-10 маусым аралығында өтеді. 2001 жылы Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылуына себепкер болды. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың ең жарқын бастамаларының бірі болып табылады. Бүгінде үкіметаралық бірлестік саяси, әскери, білім беру және мәдени салаларда өзін маңызды құрал ретінде көрсете алды.

ШАХРАТ НҰРЫШЕВ, ҚХР ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЛШІСІ:

 - 17 жыл ішіндегі ШЫҰ ең басты қорытындысы Орталық Азия аймақтарында қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету болды. Және біз ШЫҰ ұйымға мүше мемлекетер арасында қолайлы жағдайлар мен ынтымақтастық құруда жақсы мысал бола алды деп айта аламыз.

СУНЬ ЧЖУАНЧЖИ, ҚЫТАЙ ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 - ШЫҰ даму кезінде өзара іс-қимыл саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде басты бағдар болды. Біз Орталық Азияға әлі де қауіп төндіріп тұрған экстремизм, терроризм және  сепаратизммен күресуді жалғастырамыз. ШЫҰ халықаралық ұйымдардың ішінде бірінші болып терроризмді жалпы барлық мемлекеттер үшін қауіпті деп жариялаған болатын.

Бастапқыда ШЫҰ құрамына Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан кірген. Былтырғы жылы Астанада өткен саммитте Шанхай «алтылығы» «сегіздікке» айналып, Үндістан және Пәкістан бірлестіктің толыққанды мүшелері атанды. Бүгінде ШЫҰ – Еуразияның 60% аса құрлық жерін және шамамен әлемдегі халықтың жартысын құрайтын жан-жақты өңірлік ұйым. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдерге әлемдік жалпы ішкі өнімнің 20% астамы тиесілі. Циндаода өтетін алдағы саммитте Ұйымға мүше мемлекеттер және БҰҰ өкілдерімен бірге 4 бақылаушы ел, сонымен қатар басқа да халықаралық ұйымдар өзара іс-қимылдардың жаңа жолдарын талқылайтын болады. Жиынға Қытай басшысы Си Цзиньпин төрағалық етеді.

ЧЖАН ЦЗЯНЬТИН, ЦИНДАО ҚАЛАСЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ КОМИТЕТІ ХАТШЫСЫ:

 - Сауда және байланыс саласындағы байланысты кеңейтуге арнап бірқатар іс-шараларды ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Олардың арасында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің экспорттық тауарлар көрмесі де бар. Сондай-ақ біз Циндао қаласында сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытумен айналысатын орталық ашуды жоспарлап отырмыз. «Бір белдеу, бір жол» бастамасын өмірде жан-жақты қолдану үшін кешенді жоспар әзірлеумен де айналысып жатырмыз. Аталмыш жоспар Орталық және Оңтүстік Азия елдеріндегі тез дамып келе жатқан нарықтармен сауда және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталып отыр.

Саммиттің қорытындысы бойынша «Циндао декларациясы», алдағы 3 жылда «үш зұлымдық күшімен» бірлесіп күресу бойынша және тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы 5 жылға арналған бағдарламаларына қол қою жоспарлануда.

ВАН И, ҚХР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

 - Циндаодағы самитте «үш зұлымдық күшімен», есірткі трафигімен және киберқылмыспен күрес мәселелеріне баса назар аударылады. Сондай-ақ бұл біздің ынтымақтастығымыздың басым бөлігіне айналып, баса көңіл бөлінуде.  Жиында ШЫҰ елдерінің көшбасшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тәуекелдерді еңсеруге бағытталатын күш-жігерді айқындау, өзара іс-қимыл тәжірибесін байыту мақсатының аясын кеңейту және арттыру деңгейінің нақты қадамдарын терең талқылайды деп күтілуде.

Айта кетейік, Қытай Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммитін Үндістан мен Пәкістан елдерінің мүшелікке қабылдануынан кейінгі алғашқы ұйымдастырған мемлекет. Қытай дипломаттарының пікірінше, Циндао қаласындағы саммит жалпыға бірдей өсіп-өркендеуді күшейтуге арналған кезекті қадам болмақ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер