Астана экономикалық форумы әлем назарында. Балтық-Қазақстан экономикалық даму қауымдастығының басшысы Александр Видякин маңызды шара туралы өз ойымен бөлісті. Оның айтуынша, форум экономикалық дамудың қазіргі үрдістері мен проблемалары және жаһандық ынтымақтастық мәселелері талқыланатын әлемдегі аса ауқымды алаңға айналды.

АЛЕКСАНДР ВИДЯКИН, БАЛТЫҚ-ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Астана экономикалық форумы Еуропада үлкен беделге ие. Біз қазір сол алаңда ұсынылған күн тәртібін зерттеп жатырмыз. Олардың қатарында – қаржы нарығындағы жаңашылдықтар, экономиканы цифрландыру және жаңа технологиялар бар. Қазақстан жылдан жылға өзіне жаһан назарын аудартып келеді. Бұл – инвестор тартудың бірден бір жолы. Себебі кәсіпкер елге ақша саларда, алдымен әлеуетіне назар аударады. Қазақ елі мұндай шараларды өткізу арқылы өзінің алдағы 5 немесе 10 жылға ғана емес, 50 жылға мақсат қойғанын дәлелдеді.

Форумда Қазақстан Президенті әлем дамуының 5 мегатрендін атады. Өзбекстан саясаткерлері аталмыш 5 тармақ әлемді жаһандық өзгерістерден сақтап қана қоймай, елдердің даму тенденциясын жақсартады деп отыр. Өйткені кез келген мемлекет жаһандық трансформация жағдайына бейім болу керек. Халықтың цифрлық сауаттылығы робот технологиясын игеруге мүмкіндік берса, IT-технология өндірісті ілгерілетеді, - дейді сарапшылар.

РАСУЛ КУШЕРБАЕВ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОИЛИЙ МӘЖІЛІСІНІҢ ЗАҢ ШЫҒАРУ ПАЛАТАСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Астана экономикалық форумында Назарбаевтың жариялаған 5 мегатренді әлемдік дамудың негізгі тетігі деп ойлаймын. Бұның ішінде цифрландыру үрдісі заман талабы деп айтсақ та болады. Себебі бүгін бүкіл дүние жүзінде экономикалық секторда цифрландыру көрсеткіші артып келеді. Осы кезеңде цифрлы қызметтің халық үшін де тигізер пайдасы мол болады. Ал урбанизация – мегаполис дәуірінің бастауы.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер