Қазақстан мен Польша ынтымақтастығы

Қазақстан мен Польша ынтымақтастығы

Қазақстан мен Польша барлық салада өзара серпінді іс-қимылды қолдайды. Айта кетейік, қазір екі мемлекет те БҰҰ-ның бас органы Қауіпсіздік Кеңесінің құрамында. Осы айда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалықты Польша мемлекеті атқарып жатыр. Күн тәртібіне халықаралық құқық мәселелері, бейбітшілікті сақтау миссияларының қызметі, шиеленіс аймағындағы азаматтарды қорғау және гуманитарлық көмек бар тақырыптары қойылды. Айта кетейік, Польша алдағы 2 жылда Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Ал бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі органның бірінші төрағасы Қазақстан болды.

ДЖОАННА ВРАНЕСКА, БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ ПОЛЬШАНЫҢ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

 - Қазақстан мен Польша – Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері. Және бұл тұрғыда біздің арамызда өте жақсы қарым-қатынас орнаған.  Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды рөлін, сондай-ақ ядролық қарусыздануға қосқан үлесін айрықша атап өткім келеді. Польша қазақ елінің барлық бастамаларын қолдайды. Еліміздің Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде екі ел арасындағы ынтымақтастыққа жоғары баға берді. Қос тарап экономикалық қатынастармен қатар мемлекеттер арасындағы бірлікті одан әрі дамытуға тілектерін білдірді.