Әлемдік бақ АЭФ туралы - Kazakh TV

http://www.china-briefing.com/news/?s=Astana&news-search-option=news

Астана экономикалық оқиғалардың қайнаған ортасына айналды. Қазақстан елордасында өткен АЭФ: Global Challenges Summit маңыздылығын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары атап өтуде. «China Briefing» басылымы елеулі мәселелердің бірі – Еуразиялық экономикалық одақ және ҚХР арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық жайлы келісімге қол қою деп санайды. Тілшілер қос тараптың қол жеткізген уағдаластықтарының маңызы зор екенін айтады.

***************************************

https://www.efe.com/efe/english/patrocinada/kazakhstan-opens-astana-economic-forum-to-discuss-global-trends/50000268-3619157

Испанияның «EFE» тәуелсіз ақпараттық агенттігі әлемнің ірі мультимедиялық порталдарының бестігіне кіреді. Оның тілшілері елордадағы саммиттің жаһандық мәні бар екенін атап өтеді. Ең алдымен, пікірсайыстардан құралған барлық қорытындылар мен ұсыныстарды негізге ала отырып, Қазақстан стратегиялық бағыттарды жүзеге асыруға мүмкіндік алады, дейді агенттік сарапшылары.

ЦИТАТА:

«Астана экономикалық форумы Қазақстанға жетекші елдердің тәжірибесін және түрлі салалардағы ғаламдық білімді өзі де ендіруге жол ашады».

************************************

http://www.laht.com/article.asp?CategoryId=12396&ArticleId=2456768

Қазақстанда өткен Астана экономикалық форумы оңтүстікамерикалықтардың да назарында. Белгілі «Lаtin Ameriсan Herald Tribunе» астаналық диалогтың ауқымы кең екендігін назарға алады. Журналистер БҰҰ экс-бас хатшысы Пан Ги Мун және Францияның бұрынғы Президенті Франса Олланд, «Apple» компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Возняк сынды белгілі тұлғалардың алқалы жиынға белсенді араласқанын баса жазған.

ЦИТАТА:

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Астана экономикалық форумы өткен 10 жыл ішінде 150 елден 50 мыңнан астам делегат қатысқан. Оның ішінде Нобель сыйлығының 20 лауреаты бар. Жалпы сомасы 20 млрд-ты құрайтын 300-ден аса меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер