Global Challenges Summit-те Елбасы ортаға салған 5 мегатренд  адамзаттан мүлдем жаңа көзқарасты талап етеді. Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг осындай пікірде. Оның айтуынша, соңғы онжылдықта әлем экономикалық өсімге, өнеркәсіптің белсенді дамуы мен еркін нарық саясатына ерекше ден қоюда. Алайда жер шары тұрғындары санының артуы, урбанизация, энергетикалық трансформация сынды жаһандық сын-қатерлерге дайын болу үшін елдерге мемлекеттік және жеке сектор арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды, - дейді ғалым. Бұл міндетті орындауда мемлекеттік саланың маңызы зор.

РАЕ КВОН ЧУНГ,  НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ:

 - Біз жекешелендіруге немесе мемлекеттік бақылауға ғана ден қоймауымыз керек. Мемлекеттік және жеке сектордың әрқайсысының өз рөлдері бар. Олар бір-бірін толықтырып тұру керек деген ойдамын. Әсіресе қысқамерзімді мәселелерді шешуде жеке сектордың пайдасы мол болмақ.  Ал энергия трансформациясы, урбанизация, еңбек нарығы, адамдарды алмастыратын роботтар сынды ұзақмерзімді міндеттерді, әрине, тек қана нарық орындай алады. Бұл үшін мықты, қуатты мемлекеттік сектор қажет. 

Нобель сыйлығының иегері «жасыл энергетика» саласын дамытуда Қазақстанның әлеуеті зор, - дейді. Оның пікірінше, дұрыс стратегияны ұстанудың арқасында 30 жылдан соң Қазақстан «таза энергияның» әлемдік экспортаушысы бола алады. Бұл жаңа жұмыс орындарын құрып қана қоймай, елдің сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер