Сарыарқа төрінде өткен экономикалық форум алаңынан 1000 жуық тілші хабар таратып, тынымсыз жұмыс істеді. Олардың 120-дан астамы шетелден келген. Беделді ақпарат құралдарының арасында Bloomberg, The Wall Street Journal, түркиялық «Анадолу», ресейлік «РБК» мен «Коммерсанттың» журналистері бар. Испаниядағы жетекші ақпарат агенттігінің тілшісі Джэймс Руссо форум жайлы материалында Еуразия экономикалық одағы мен Иран арасында еркін сауда аймағын құруға әкелетін уақытша келісімге назар аударған. 

ДЖЭЙМС РУССО, AGENCIA EFE ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТІЛШІСІ:

АЭФ-те көрермендерімізді қызықтыратын ақпарат көп болды. Форумның ашылу салтанатына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуының өзі бұл шараның маңыздылығын көрсетті.  Дәл сол күні Еуразиялық экономикалық одақ Иранмен келісімге қол қойды. Осы 2 тақырыпқа екі материал жарияладым. Үшінші тақырыбым – Астана қаржы орталығына қатысты болмақ. Өйткені инвестицияның дені Азияға қарай ағылып жатыр.

Көрермені үшін тиімді ақпарат іздеген тілшінің бірі – Мария Петрова. Ол Лондондағы кәсіби қаржыгерлер үшін жаңалық жазатын медиа компаниядан арнайы келген. Айтуынша, Астана экономикалық форумында инфесторларды қызықтыратын тың ұсыныстар көп болды.

МАРИЯ ПЕТРОВА, MERGERMARKET АҚПАРАТТЫҚ БАСЫЛЫМЫНЫҢ ТІЛШІСІ:

 - Біз негізінен қаржылық қорларға, инфестициялық компанияларға арналған ақпарат жазатын мамандандырылған басылымбыз. Астана экономикалық форумында осындай компанияларды қызықтыратын көптеген тақырып көтерілді. Жекешелендіру мақсатында бірнеше компаниялардың акциялары сатылымға шығарылатыны белгілі. Олар «Астана» қаржы орталығының қор нарығында саудаланбақ. Бұл туралы алдағы күндері өз мақаламда жариялайтын боламын.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың криптовалюта нарығын реттеудің ортақ ережелерін әзірлеу туралы ұсынысы, Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктері, «Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылуы. Елордадағы экономикалық форумында жаһандық аудитория үшін қызықты тақырып көп болды, дейді шетелдік журналистер.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер